№2 ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Өтініш берушілерге «Баланың туылуы» белсенді қызметін көрсету бойынша нұсқаулық

  1. Сіз құттықтаумен SMS-хабарлама алған кезде, Сізге қызмет алу үшін тілді таңдап алуыңыз керек, ол үшін сіз оған R X X түрінде жауап беруіңіз керек, мұнда X - хабарламада көрсетілген нөмірлер. Ерекше назар хабарлама алдына бос орын қойылмай ағылшын тіліндегі R әрпімен басталуы қажет, R әрпі мен әр таңбаның арасындағы бос орын.
  2. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін баланың тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса) туралы сұратылған келесі SMS-хабарламаны аласыз. Сіз бірінші хабарламада көрсетілгендей форматта SMS-хабарламаға жауап беруіңіз керек.
  3. Тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса) SMS-хабарламасын жібергеннен кейін Сіз білім деңгейі, кіріс көзі және тіркеу органы туралы ақпарат беру үшін рет-ретімен SMS-хабарламалар аласыз. Осы сұрауларға жауаптарды R-дан бастап, бос орынсыз және бастапқы көрсеткіштерді қайталап, жетіспейтіндерді қосу керек. Жалпы алғанда, R әрпінен басқа, жауапта 4-тен кем сан болмауы керек.
  4. Жоғарыда аталған барлық ақпаратты ұсынғаннан кейін электрондық өтінім қалыптастырылып, таңдалған тіркеу органына тіркеуге жіберіледі.
  5. Тіркеу процесін жүзеге асырғаннан кейін Сізге дайын құжатты алу орны көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ, бұл SMS-хабарламада куәлікті  алуға туу туралы медициналық анықтаманың қажеттілігін көрсетіледі.
  6. Сізге хабарлағаннан кейін арнайы санаттағы балабақшаға кезекке қою үшін жеңілдіктер санатының бар-жоғын анықтау үшін тағы бір сұрау салу түседі. Егер жеңілдікке тиесілі болмасаңыз, онда жеңілдіктердің болмауын көрсетіңіз және сұрау салу балабақша кезегіне қою үшін әкімдікке автоматты түрде жіберіледі. Әйтпесе, Сізге әкімдікке жеңілдік кезегіне қою үшін жүгіну ұсынылады. Жауап бұрын жіберілген хабарламалардағыдай ресімделуі керек.
  7. Содан кейін сізден елді мекенді таңдауды сұрайды. Жауап бұрын жіберілген хабарламалардағыдай ресімделуі керек.
  8. Кезекке қою процесі аяқталғаннан кейін кезек нөмірі бар SMS-хабарлама жіберіледі.
  9. Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындағаннан кейін Сіз баланың туылу тәртібін растау үшін SMS-сұрауды аласыз, өйткені жәрдемақы мөлшері балалар санына байланысты болады. Егер SMS-сұрауыңыздағы тапсырыс дұрыс болса, сіз бұрын жіберілген хабарламалардағыдай СМС хабарламасын пайдаланып, деректерді растайсыз.
  10. Егер деректер дұрыс болса, жәрдемақы мен төлемдер тағайындау  үшін банк шотының нөмірін растау / енгізу үшін SMS-сұрауын аласыз. SMS-хабарлама арқылы банк шотының нөмірін растаңыз немесе енгізіңіз.
  11. Бұдан әрі уәкілетті органдардың қарауына түсетін электрондық өтінім қалыптастырылады, нәтижесінде жәрдемақы тағайындалады және ол сізге SMS арқылы хабарланатын болады.

Осы кезеңде белсенді қызмет аяқталады, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдаланғаныңыз үшін рахмет! 

Баланың туылуына арналған белсенді қызмет дегеніміз не?

Бұл үйден шықпай SMS-хабарламаларға жауап беру арқылы баланың туу туралы куәлігін алу, бала бақшаға кезекке қою және жәрдемақы алу мүмкіндігі.

Бұл қызмет кімге көрсетіледі?

қызмет ұялы азаматтардың базасында тіркелген,жана туған аналарға көрсетіледі.

Бұл қызметті қалай алуға болады?

Көрсетілетін қызметті 1414 қысқа нөмірінен келген SMS-хабарламаларға жауап беру арқылы алуға болады.

Алғашқы SMS хабарлама қашан келеді?

Бірінші хабарлама бала туылған сәттен бастап 24 сағат ішінде келеді.

SMS-хабарламаға жауап алу қанша уақыт күтіледі?

Жауап 3 күн ішінде күтіледі. Көрсетілген мерзімде жауап болмаса, көрсетілетін қызмет алушы ХҚКО-ға жүгіну қажет

SMS хабарламаларына қалай жауап беруге болады?

Әр SMS-хабарламада жауап әдістерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы келтірілген, олар бойынша сұраққа дұрыс жауап бере аласыз. Хабарлама ағылшын R әрпінен басталуы керек және тырнақшасыз әрібұл әріп алдында бос орындар болмауы керек. Дұрыс жауап болмаған кезде қате туралы және дұрыс жауап ұсынысымен СМС-хабарлама келіп түседі.

Көрсетілетін қызметті алу кезінде қандай шектеулер бар?

Мобильді азаматтардың базасында тіркелмеген клиентке, сондай-ақ 2008 жылға дейін некеге тұрған немесе 2007 жылдан бұрын туған балалары болса, қызмет көрсетуге болмайды.

Мобильді азаматтардың базасына қай жерде тіркелуге болады?

Мобильді азаматтардың базасына «электрондық үкімет» порталында, ХҚКО-да, сондай-ақ перинаталдық орталықтардағы ХҚКО жауапты қызметкерлерінде тіркеле аласыз.

Қызмет құны қанша тұрады?

Қызмет мүлдем тегін. SMS-хабарлама жіберу үшін төлем алынбайды. Бірақ SMS-хабарламаларды жіберу мүмкіндігіңіз үшін оң балансыңыз болуы керек.

 

 

 

 

 

Проактивті тіркеу әдісі

 

 Бала туған ата –аналарға көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаның іске қосылғанын хабарлай отырып, бұл жүйелердің бірігуі арқасында құжаттардың тез әрі портал арқылы жүргізілетіндігін хабарлайды.

Электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. 
Баланы тіркеу, жәрдемақыны рәсімдеу және балабақшаға кезекке қою қызметтерін Халыққа қызмет көрсету орталығынан да алуға болады. «Бала туу» композиттік қызметі проактивті тәсілмен ұсынылатындығы, сонымен қатар телефон арқылы шот номірін жіберіп, жәрдемақыларды да рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Баланың куәлігін алып кету үшін ғана ХҚКО баруға және үйге жеткізу қызметін пайдалануға болатындығы аталған.

Ал, SMS хабарлама алу үшін азаматтар кез-келген ХҚКО –на барып, өздерінің телефон нөмірлерін порталдағы жеке кабинеттерінде бекітуі тиіс.

 

© 2018 ГКП на ПХВ "ОПЦ 2". Все права защищены.