№2 ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес көрсетілетін медициналық жәрдемнің сапасын жақсарту мақсатында біздің медициналық ұйымда жауапты дәрігер эксперт Сейдиллаева  Улжан  Сейдиллаевна  «Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі» бойынша  жұмыс істейді.

Медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу жағдайларын анықтау ҚЫЗМЕТТІҢ негізгі функцияларының бірі болып табылады.

Осыған байланысты, егер:

- Сіз көрсетілген медициналық көмектің сапасына риза болмасаңыз;

- Сіз медициналық персонал тарапынан дөрекілік байқасаңыз;

- Сіз тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызмет үшін медициналық персонал тарапынан ақша бопсалау фактілерімен кездескен болсаңыз;

- сондай-ақ, егер Сіз медициналық көмек көрсету сапасымен байланысты басқа да проблемалармен кездессеңіз

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқылысыз.

Сіз

* Жеке өзіңіз, ауызша немесе жазбалай,Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің  жауапты дәрігер эксперті Сейдиллаева  Улжан  Сейдиллаевнаға  тәулік бойы жүгіне аласыз.

* өзіңіздің аты-жөніңізді (Т.а.ә., телефон) көрсетіп, жазбалай өтінішіңізді консультативтік  диагностикалық блоктың  тіркеу бөлімде және әрбір стационарлық бөлімшелердегі орнатылған жәшіктерге қалдыра аласыз.

Сонымен бірге Сіз ұсыныстарыңыз бен шағымдарыңызды біздің сайтқа OPC2-UKO.КZ  жіберуіңізге болады

*8 (7252 39-31-60) нөмірі бойынша Call-центрге хабарласа аласыз.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ

Сіздің өтінішіңізді міндетті түрде қарайды және Сізге 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей қаралған өтінішіңіздің нәтижесі бойынша ақпарат береді.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ бар, оған

Сіз тәулік бойы хабарласа аласыз 8(7252) 50-20-04 

 

© 2018 ГКП на ПХВ "ОПЦ 2". Все права защищены.