№2 ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ НЕСІМЕН ТИІМДІ?

Қазіргі уақытта елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 1 миллионға жуық адам бар. Олар сақтандыру жүйесіне қалай қосылады?
Олар үшін МӘМС жүйесіне қосылудың екі жолы бар. Біріншісі – «өз бетінше» төлеуші ретінде. Жарна бір ең төменгі жалақының 5 пайызын құрайды. Ал ең төменгі жалақы бізде – 42 500 теңге. Жеке тұлға сол соманың 5 пайызын, яғни – 2 125 теңге төлейді.
 
Екіншісі – бірыңғай жиынтық төлем. Бұл елімізде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген салық түрі болатын. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жасай алады. Ең төменгі аударымдар үшін (0,5 – 1 АЕК) азамат бірден үш әлеуметтік жүйенің қатысушысы болады: зейнетақы (жұмыс өтілі есептеледі), әлеуметтік және медициналық сақтандыру. 2020 жылы кемінде үш ай қатарынан БЖТ төлеу медициналық қызметтердің сақтандыру пакетін алуға мүмкіндік береді. БЖТ – республикалық маңызы бар қалалар үшін 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) немесе 2 651 теңге. Ауылдық жерлер үшін 0,5 АЕК немесе 1 325 теңге. 
Жалпы,  бұл баршаға міндетті жүйе. Сондықтан, жарнаны төлеуге тиіспіз. Ал, биыл еш мүмкіндігі болмаған азаматтар, жарнаны кез келген уақытта төлеп, сақтандыру жүйесіне қатыса алады. Бірақ, ол өткен 12 айдың қарызын толығымен  төлеуі тиіс. Өтелетін қарыз мерзімі 12 айдан аспайды. Яғни, 2-3 жыл төлемеген адам тек бір жылдың қарызын өтеп, жүйеге қосыла алады.
 
БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) төлеу үшін, өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелудің немесе салық салуға барудың қажеті жоқ. БЖТ аударудан бастап, сіз онсыз да салық төлеушілер жүйесінде Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде сәйкестендірілген боласыз. Салық есептілігін беру де қажет емес.
БЖТ-ді диваннан тұрмай-ақ төлеуге болады: post.kzbeemoney.beeline.kz сайттары, MyKazpost, Smart Astana, Kaspi.kz мобильді қосымшалары арқылы немесе SMS арқылы (KCell, Activ ұялы операторларының пайдаланушыларына 5505 нөміріне "gorodesp ЖСН" / "kalaesp ЖСН" (қала тұрғындары үшін) және "seloesp ЖСН" / "aulesp ЖСН" (ауыл тұрғындары үшін) мәтінін енгізе отырып, хабарлама жіберу керек. Ағымдағы ай төлем кезеңі болып саналады, Beeline абоненттері сомасы, төлем мақсаты және ЖСН көрсетілген мәтіні бар тегін SMS 2020 нөміріне жолдай отырып, БЖТ-ні төлей алады. Мысалы, 2651 gorodesp XXXXXXXX)
 
2020 жылы БЖТ-нің ай сайынғы мөлшері:
🔹 Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін - 1 АЕК (2 651 теңге));
🔹 Басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін - 0,5 АЕК (1 325,5 теңге).
БЖТ сомасы Мемлекеттік корпорациямен келесі сәйкестікте бөлінеді:
🔹 10 % - жеке табыс салығы (ЖТС));
🔹 20 % - әлеуметтік аударымдар (ӘА);
🔹 30 % - міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
🔹 40 % - міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС).
Яғни, соманы төлемдер бойынша өздігінен бөлуге қажет емес. Сома бір рет төленеді және автоматты түрде бөлінеді!
БЖТ төлеуге арналған деректемелер:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ бенефициары"
Бенефициардың БСН 160440007161
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Бенефициар банкі"
Бенефициардың БСК GCVPKZ2A
Бенефициардың ЖСК KZ47009ESP0163609911
Төлем мақсатының коды-183, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың бірыңғай жиынтық төлемі
БЖТ әр ай сайын жеке немесе күнтізбелік жылдың ағымдағы және кейінгі айлары үшін төлеу қажет, яғни БЖТ төлемін бір күнтізбелік жыл шегінде алдағы айлар үшін алғытөлеммен жасауға болады.
Өз бетінше жұмыспен айналысушылар медициналық көмекке жүгінгенге дейін үш ай бұрын жарна төлеген жағдайда сақтандыру медицинасына құқық алады.
Қате төленген бірыңғай жиынтық төлемнің сомаларын қайтару үшін жеке тұлға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚО) өтінішпен және төлем құжатының көшірмесімен өтініш етуі қажет.
Жансерік Есимов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директорының орынбасары
© 2018 ГКП на ПХВ "ОПЦ 2". Все права защищены.