№2 ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Жаңа туған сәбиге нені тегін береді?

Елімізде 3 жасқа дейінгі әрбір баланың  денсаулығын емхана мамандары тұрақты бақылауы тиіс.
Учаскелік мейірбике бала туылғаннан бастап отбасына барып, баланың жай-күйімен танысады және патронаж үшін жауап береді.
Яғни, патронаж бойынша мынандай шаралар жүргізіледі:
  • Баланың денелік, моторикалық және психоэмоциналдық жай-күйін бағалау;
  • Баланың бойындағы ауруды, бактериалдық инфекцияны, анемияны дер кезінде анықтау;
  • Ананың баласына күтім жасауын, оның жай-күйін бағалау  және  туғаннан кейінгі депрессияны дер кезінде анықтауға үйрету;
  • Үй жағдайының қауіпсіздігін бағалау және балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ескерту.
Сонымен қатар, нәрестелерге арналған суға арналған термометр, сабын, май (крем), ішетін регидратациялық тұздар, медициналық термометр, мұрын жолдарындағы шырышты соратын құрал, антисептик, зарарсыздандырылған дәке және мақта медициналық қобдиша беріледі.
Ал, жасанды қоспалармен немесе аралас тағаммен тамақтанатын 1 жасқа дейінгі балаларға емшек сүтін алмастыратын бейімделген қоспалар тегін беріледі. Құрғақ қоспалар  негізінен  баланы емізетін ана ВИЧ инфекциясына, туберкулезге шалдыққан болса, салалық тағайындауы бойынша цитосттатиктерді, радиоактивті, тиреоидті немесе есірткілік препараттарды қабылдайтын болса, қан айналымы, онкологиямен, бүйрек жетіспеушілігімен, іріңді-септикалық, гипогалактиканың бастапқы формаларымен, бала туабітті лактаза жетіспеушілігі, галактоземия, фенилкетонуриямен  ауырған жағдайда беріледі.
 
Сондай-ақ емшек сүтін алмастыратын қоспалармен асырап алған балалар, көп ұрықты жүктіліктен туған балалар, анасы стационарлық емдеуде жатқан ананың баласы және күндізгі оқу орнында оқитын студент-аналардың нәрестелері қамтамасыз етіледі.
 
Балаларға жасы мен контингентіне байланысты екпелер салынады. Атап өтерлігі, 1-4 күндік нәрестеге - туберкулезге, вирусты гепатитке қарсы,  екі айлыққа - полиомиелит, вирусты гепатит, көкжөтел, дифтерия, және сіреспе, b типті гемофильдік инфекция, пневмококк инфекциясы, үш айлыққа - полиомиелит, көкжөтел, дифтерия, және сіреспе, b типті гемофильдік инфекция, төрт айлыққа - полиомиелит, вирусты гепатитке қарсы,  көкжөтел, дифтерия, және сіреспе, b типті гемофильдік инфекция, пневмококк инфекциясы, 12-15 айлыққа - туберкулезге, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, пневмококк инфекциясына қарсы екпелер салынады. 
 
Егер нәрестеде төмендегідей жағдайлар болса, тез арада мейірбикені күтпестен балалар дәрігеріне жүгінген жөн.
  • Жиі тыныс алу (минутына 60-тан артық соғу) ;
  • Тыныс алу қиындығы;
  • Безгек;
  • Құрысу;
  • Қалтырау;
  • Жөтел;
  • Диарея;
  • Дене қызуының көтерілуі;
  • Белсенділіктің төмендеуі;
  • Асқа тәбеттің болмауы.
Егерде тегін медициналық көмек туралы қосымша мәлімет алу керек болса, онда Медициналық сақтандыру қорының 1406 бірыңғай байланыс орталығына немесе www.fms.kz  ресми сайтына жүгінуіне болады.
© 2018 ГКП на ПХВ "ОПЦ 2". Все права защищены.